Бразилияда бағы жанғандарға берілер сыйақы қандай?

Бразилияда бағы жанғандарға берілер сыйақы қандай?

ФИФА футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының жеңімпазына 35 миллион АҚШ долларын сыйға беретін болып шешті.

Ақтық финалда сүрінген ұлттық құрамаға - 25 миллион доллар, ІІІ орын алған құрамаға – 22 миллион, ІV орынға – 20 миллион доллар сыйға берілмек. Сонымен қатар, 5-8 орындар арасын иеленген ұжымдарға 14 миллион доллар, 9-16 орындар арасын иеленген елдің құрамалары 9 миллион АҚШ долларын иеленеді. Ал 17-32 орындар арасындағы командаларға 8 миллион доллар бұйырмақ. Бұл туралы "Р-Спорт" агенттігі хабарлап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұл қаржы 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен Әлем чемпионатынан 37 пайыз өсіп отыр. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: meridian-world.ru 

Ө. Сансызбай