Ұлттық құрамалар себеттерге бөлінді

Ұлттық құрамалар себеттерге бөлінді

ФИФА футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін «мундиальдың» жеребесі алдындағы ұлттық құрамалардың себеттерге бөлінуінде өзгерістер енгізді.

Алғашқы себетке алаң иелері мен қатар, ФИФА-ның соңғы рейтингіндегі көрсеткіші жоғары 7 команда енді. Қалған үш себет мемлекеттердің географиялық аумағына байланысты бөлінді.

Бірінші себет: Бразилия, Испания (1), Германия (2), Аргентина (3), Колумбия (4), Бельгия (5), Уругвай (6), Швейцария (7). 

Екінші себетке Африка мен Оңтүстік Америка құрлығындағы мемлекеттер кірді.

Екінші себет: Чили (12), Кот-д’Ивуар (17), Эквадор (22), Гана (23), Алжир (32), Нигерия (33), Камерун (59).

Үшінші себетке Азия мен Солтүстік Америка елдері енді.

Үшінші себет: АҚШ (13), Мексика (24), Коста-Рика (31), Гондурас (34), Жапония (44), Иран (49), Оңтүстік Корея (56), Австралия (57).

Ал төртінші себетті Еуропа ұлттық құрамалары толықтырды. Жеребе алдында төртінші себеттегі бір команда екінші себетке ауыстырылады.

Төртінші себет: Голландия (8), Италия (9), Англия (10), Португалия (14), Греция (15), Босния және Герцеговина (16), Хорватия (18), Ресей (19), Франция (21).

Естеріңізге сала кетсек, Әлем чемпионатының жеребе тастау рәсімі 6 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады.

Жақша ішіндегі сандар ұлттық құрамалардың ФИФА рейтингіндегі орны

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ru.focus.lv

Ө. Сансызбай