«Достастық Кубогындағы» қарсыластар белгілі болды

«Достастық Кубогындағы» қарсыластар белгілі болды

Қазақстан жастар құрамасы «Достастық Кубогы-2014» халықаралық турнирінің «С» тобында өнер көрсететін болды. Қарсыластар – Латвия, Өзбекстан және Беларусь жастар құрамалары.

«Достастық Кубогы-2014» халықаралық турнирі қаңтар айының соңы мен ақпан айының басында Санкт-Петербург қаласында өтеді. Жарысқа барлығы 12 елдің жастар құрамасы қатысады. Тағы бір айта кететін жайт, турнир о бастан бұрынғы КСРО мемлекеттері арасында 1993 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 2011 жылға дейін осы елдердің футбол клубтары арасында өтсе, 2012 жылдан бастап жастар құрамалары арасында өтетін болып шешілген еді. 

"А" тобы: Эстония, Тәжікстан, Украина және Қырғызстан

"В" тобы: Ресей, Литва, Түрікменстан және Молдова

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ffk.kz

Ө. Сансызбай