Левандовскийдің жары каратэден Әлем чемпионы атанды

Левандовскийдің жары каратэден Әлем чемпионы атанды

Дортмундтық «Боруссия» командасының шабуылшысы Роберт Левандовскийдің жары Анна Левандовский каратэден Прагада өткен командалық Әлем чемпионатында топ жарды. Бұл туралы sport1.de порталы хабарлап отыр.

– Әрине, бұл жеңіс үшін қуаныштымын. Анна осы жолда тер төкті, жаттығуларын қалдырмады. Бұл оның спорттық мансабындағы үлкен жетістік, – деді футболшы.

Роберт пен Анна 2013 жылы некеге тұрған болатын. Сонымен қатар, Польша ұлттық құрамасының футболшысы алдағы қыс ауысымында өзге клубқа ауыспақ. Қазіргі таңда Юрген Клопп командасы "Атлетико Мадрид" шабуылшысы Диего Костаға қызығушылық танытуда.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru

Ө. Сансызбай