Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Ел футболындағы ауыс-түйістер

Ел футболындағы ауыс-түйістер

Ел футболындағы ауыс-түйістер

Назарларыңызға ел футболындағы соңғы жаңалықтарды ұсынамыз.

«Атырауға» жаңа бапкер келді

 

«Атырау» командасының бас бапкері болып беларустық маман Владимир Белявский тағайындалды. Ал Қазақстан футбол федерациясының спорттық директоры қызметін атқарып келген тағы да бір беларусь маманы Анатолий Юревич те батысқазақстандық команданың оқу-жаттығуына жауапты қызметкер болып сайланды.

Виктор Кумыков «Шахтерда» қалады

 

50 жастағы қарағандылық «Шахтер» командасының бас бапкері Виктор Кумыков келер маусымда да «кеншілер» ұжымын жаттықтыратын болады. Ресейлік маман осы маусымда клубтың 55 жылдық мерейтойына орай үлкен сый жасады десек болады. Команда тізгінін Виктор Кумыков ұстағалы бері екі рет ел чемпионы, ҚР Кубогы және Суперкубогы атақтарына қол жеткізді. Сонымен қатар қазақ футболының тарихында тұңғыш команда болып еурокубоктың топтық кезеңіне жолдама алды.

Қонысбаев «Шахтерға» қайта оралды


Қарағандылық «Шахтер» Ұлан Қонысбаевты қатарларына қосты. 24 жастағы футболшы осыған дейін 2011 жылы «кеншілер» сапында өнер көрсеткен де болатын. 11 кездесу өткізіп, 1 ғана гол соққан еді. Кейіннен «Астанаға» ауысқан футболшы осы маусымда ел чемпионатының күміс жүлдесіне қол жеткізді. 30 кездесу өткізіп, 5 рет қарсылас қақпасын дәл көздеді. Енді шабуылшының елордалық командамен келісімшарты аяқталды. Қазір Ұлан жаңа командасымен Израилде жаттығу жасап жүр.

Ал осыған дейін: 

  • Бауыржан Байтана «Тобылдан» «Таразға» қайтып келді. Ол былтырғы маусымда «Тобыл» сапында жалда болған еді.
  • Бапкер Дмитрий Огай ресми түрде «Қайсар», ал өзбекстандық маман Вадим Абрамов «Астана» командасымен келісімшартқа отырды.
  • «Ордабасы» командасы Пирәлі Алиевпен келісімшартын тағы бір маусымға созды
  • «Атырау» футбол клубы минскілік «Динамоның» футболшылары Павел Пласконный мен Александр Быченокқа қызығушылық танытуда.
  • Қостанайлық «Тобыл» ресейлік шабуылшы Александр Алумонамен келісімшартты созбайтын болды.
  • «Астана-1964» командасының футболшысы Дидар Сыдықбек («Ордабасы» командасына жалда жүрген) «Легия» командасының бапкерлерімен кездесіп, клуб сапында бірнеше жаттығу жиынына қатыспақ. 
  • Қысқы оқу-жаттығу жиыны барысында «Ақтөбе» командасының қатарына ивуарлық Серж Дебле келіп қосылмақ. Бұл шабуылшы бұған дейін армениялық «Ширак» командасында өнер көрсеткен.
  • 2011 жылы "Ақтөбе" командасындағы үздік шабуылшысы атанған Малик Мане клубқа қайта оралуы мүмкін. 
  • "Тобыл" командасының австриялық футболшысы Менсур Куртиши командадан кететін болды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Қосылған күні: 03 желтоқсан 2013, 08:38
Пікірлер
+0
03 желтоқсан 2013, 12:47

Малик Мане :?

+0
06 желтоқсан 2013, 01:22

ммммм керемет екен :) :) :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.