Старридж команда қатарынан шығып қалды

Старридж команда қатарынан шығып қалды

«Ливерпуль» командасының шабуылшысы Даниэль Старридж алдағы екі айда командасына көмектесе алмайтын болды.

Жұма күні клубтың Мелвудтағы жаттығу алаңында футболшы тізесінен жарақат алды. Бүгін ливерпульдік команданың бапкері Брендан Роджерстің хабарлауынша, Старридж алдағы 6-8 апта көлемінде алаңға шықпайтыны белгілі болды.

Естеріңізге сала кетсек, Старридж бен Суарес жұбы маусымның басынан бері командаларын алға сүйреп келеді. Даниэль жасыл алаңда қарсылас қақпасын тоғыз рет дәл көздеді. 2 рет нәтижелі пасымен ерекшеленді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: liverbird.ru 

Ө. Сансызбай