Венгер: «Алтын допқа қарсымын»

О Сансызбай Корреспондент
Венгер: «Алтын допқа қарсымын»

Лондондық «Арсенал» командасының бас бапкері Арсен Венгер «Алтын доп» құрметті атағына қарсы екенін жеткізді. Француздық маманның ойынша, жеке футболшыға берілетін бұл марапат команда ойынына әсер ететін көрінеді.

БӨЛІСУ

Telefoot телеарнасының тілшісінің «Биыл «Алтын допты» кім алады?» деген сұрағына: «Ешкім де» деп жауап берді.

- Мен «Алтын доптың» командалық спорт түріне берілуіне мүлде қарсымын. Командадан бір футболшының алуы футболдың мәнін жоғалтады. Оны иеленген футболшы командалық ойыннан бұрын жеке басының шеберлігіне көп мойынсұнып кетеді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, кеше ағылшын премьер-лигасының 13 тур аясында «канонирлер» сырт алаңда «Кардифф Ситиді» тізе бүктірген болатын. Ал "Алтын допқа" басты үміткерлер туралы мына сілтемеден толық біле аласыздар.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: smotrisport.tv