Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / "Еуразия Барысында" ел намысын кімдер қорғайды?

"Еуразия Барысында" ел намысын кімдер қорғайды?

Жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатқан «Қазақстан Барысы» турнирінің ауқымы кеңейіп, халықаралық дәреже деңгейіне көтерілмек. 2011 жылдан бастау алған аламанның республикалық турнирін бүгінде қызыға қарайтындар көп-ақ. Ендігіде бұл бәсеке «Еуразия Барысы» болып ұйымдастырылып, 7 желтоқсанда өз жалауын көтермек. Қазіргі таңда қатысатын ұлттық құрамалардың толық құрамдары белгілі болды.

Таразда өтетін «Еуразия Барысы-2013» додасына 8 мемлекеттің кіл мықтылары қатысады. Олар: Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Қытай, Польша, Түркия, Иран және Моңғолия. Жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайтын білекті балуандар айқасы 5 салмақ дәрежесінде командалық жүйеде өтеді.  Ал боз кілемдегі белдесулерді әлемнің 120 мемлекеті тікелей эфирден тамашаламақ. Турнирдің бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры.


"Еуразия Барысы" турниріне қатысатын Польша құрамы:

60 келі: Кшыштоф  Киелбус (жасы жиырмада)

70 келі: Себастиан Джаниски

80келі: Лукаш Блач

90 келі: Камил  Козловски

+90 келі: Масейдж Сарнаски

Ресей құрамасы құрамы:

60 келі: Сергей Филиппов

70 келі: Андрей Ковалевский

80 келі: Артем Ковалевский

90 келі: Дмитрий Михайлов

+90 келі: Алексей Александров

Моңғолия құрамасы құрамы:

60 келі: Ганболд Херлен

70 келі: Санжаасурен Миярагша

80 келі: Ган Тувшинжаргал

90 келі: Серік Бәйкемұрат 

+90 келі: Сугаржардал Болдпурев

Тәжікстан құрамасы құрамы:

60 келі: Ибодулло Әлибердизода

70 келі: Әзизи Бахтиер

80 келі: Зульфикор Одинаев

90 келі: Олимжон Авезов

+90 келі: Зафархон Сайдалимов

Иран құрамасы құрамы:

60 келі: Сохбанберді Сафари

70 келі: Хамид Мирзаи

80келі: Мехди Вазари

90 келі: Жафар Юнеси Бордж

+90 келі: Насыр Сахраи Доулатхане

Түркия құрамасы құрамы:

60 келі: Өмір Фарух Өзбай

70 келі: Мұрат Ышык

80 келі: Мұстафа Жошкун

90 келі: Ердал Доған 

+90 келі: Бюлент Доған

Қытай құрамасы құрамы:

60 келі: Ериденгбаолига 

70 келі: Ли Чанкунг

80 келі: Иерденг Чаокету

90 келі: Фан Жиан

+90 келі: Ядир 

Назарларыңызға 5 салмақ дәрежесіндегі негізгі құрам балуандарын ұсындық.

«Eurasia Barysy» додасында ел намысын қорғайтын Қазақстан ұлттық құрамасының балуандары да белгілі болды.

60 келі салмақ дәрежесінде боз кілемде ел намысын алматылық Абзал Арыстанбеков қорғайды.  Ол жақында ғана аяқталған ҚР еңбек сіңірген бапкер, КСРО-ға еңбек сіңірген бапкер Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін өткен ІІ халықаралық турнирде топ жарған болатын. Қосалқы құрамда Талдықорған өңірінің балуаны Амангелді Сатыбалдинов шығады.

70 келі салмақта  2008 жылғы әлем чемпионы, 2010 жылы Азия біріншілігінде топ жарып, 2011 жылы әлем Кубогіне иелік еткен Ерлан Естек бақ сынайды. Сондай-ақ, әлем Кубогінің иегері Қуаныш Мұратов та (ШҚО)  осы салмақта өнер көрсетеді.

80 келі салмақ дәрежесінде Қарағанды балуаны Ерсін Мұхамеджановтың жолына үмітпен қараймыз. 2011 жылғы «Қазақстан Барысының» қатысушысы Ерсін жанкүйерге  «Сарыарқаның Сұңқары» деген атпен таныс. Сонымен қатар бұл салмақта Саят Шәмшиевке де жанкүйерлік танытамыз. Ол самбо мен дзюдодан ел чемпионы.

90 келіде Мұхит Тұрсынов белдеседі. Ол – қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі  спорт шебері, әлем Кубогінің иегері. Ал бұл салмақта бақ сынайтын екінші балуан – Бекзат Ахметбеков. Бекзат - қазақ күресінен спорт шебері, әлем Кубогінің қола жүлдегері ел чемпионаты мен Азия біріншілігінде және халықаралық жарыстарда жүлдегерлер қатарынан көрініп жүрген талантты спортшылардың бірі.

Ал аса ауыр салмақта «Қазақстан Барысының» 2012-2013 жылғы ең мықты балуандары Бейбіт Ыстыбаев пен Айбек Нұғымаров ел абыройын асқақтатуға тырысатын болады. 

Естеріңізге сала кететін болсақ, жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайтын білекті балуандар айқасы 7 желтоқсанда «Тараз Арена» спорт кешенінде бастау алады. Жерлестеріміз намысты қолдан бермейді деген сенімдеміз!

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com, nur.kz, 900igr.net

8034 11
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 02 желтоқсан 2013, 15:13
Пікірлер
+0
01 желтоқсан 2013, 23:03

Барыстарға сәттілік!

+0
02 желтоқсан 2013, 01:46

өз спортымыздан бермеуіміз керекпіз

+0
02 желтоқсан 2013, 12:41

көру керек екен қандай телеарнадан болады екен

+0
02 желтоқсан 2013, 12:55

KazSport

+0
02 желтоқсан 2013, 12:49

міне ғажап

+0
02 желтоқсан 2013, 12:53

"Месси — инопланетянин, а Роналду — лучший среди людей. Я сам был одноклубником Криштиану в «Манчестер Юнайтед» и могу сказать, что он очень хорош и трудолюбив. Однако рядом с Месси ему делать нечего" — Жерар Пике

+0
02 желтоқсан 2013, 12:59

KAZSPORT ОНША ЕМЕС :arrow: :arrow:

+0
02 желтоқсан 2013, 13:00

Қазақстан да көрсетеді екен, 7 желтоқсан күні сағат 13:00-де басталады

+0
02 желтоқсан 2013, 14:58

рахмет

+0
02 желтоқсан 2013, 22:20

Бейбіт бір жылға шейін қатыспайды деп еді ғо

+0
02 желтоқсан 2013, 22:35

Дүниежүзілік қазақша күрес федерациясының президенті Серік Төкеев өткен айда аса ауыр салмақтағы палуанды халықаралық аренада ел намысын қорғауға рұқсат бергені туралы хабарлаған болатын.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...