2015 жылы премьер-лига жүйесі ауысады

2015 жылы премьер-лига жүйесі ауысады

Кеше өткен Қазақстан Футбол Федерациясының кезекті отырысынан кейін, ел премьер-лигасы 2015 жылы «күз-көктем» маусымына ауысып, 10 команда бақ сынайтын ішкі біріншілікке айналатыны белгілі болған еді...

Бүгін кәсіби ел футболы лигасының төрағасы Михаил Гурман аталған жүйе туралы sports.kz сайтына сұхбат берді. Сұхбатта айтуынша, енді премьер-лигада саннан гөрі, сапаға көшкен дұрысырақ көрінеді. Мұндай қадамға бару Еуропа елдерінде әлдеқашан қолға алынғаны да рас. Михаил Гурман мырза тағы да премьер-лигадағы командалардың санының азаюы, бәсекелестікті жоғарылатса, екінші жағынан қаржылық мәселені шешудегі бірден-бір жол деп көрсетті. Мұндай жүйе 2015 жылы жолға қойылғаннан кейін, ешқандай бөлікке бөлінбей, командалар 4 айналымда кездесулер өткізетін болады. Ал «күз-көктем» маусымында өнер көрсету туралы жүйенің басты қағидалары алдағы уақытта шешілмек. Ал қазіргі таңда бірнеше команда қысқы манеж салуға құрылыс жұмыстарын бастағалы да жатқан көрінеді. 

Еуропада "күз-көктем" маусымы жолға қойылған. Еурокубоктың басты кездесулері де осы маусым қарсаңында өтеді десек болады. Ал біздің премьер-лига жүйесі бұл маусымға сәйкес келмейтіні анық. Кешегі Еуропа Лигасының өзі мұны бір байқатқандай. Ал оқырман, сіз қалай ойлайсыз?

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ffk.kz

Ө. Сансызбай