Рамос "Реалдан" кетеді

Рамос "Реалдан" кетеді

Мадридтік «Реалдың» қорғаушысы Серхио Рамос клубтан кетуі мүмкін. Бұл жағдай команда президенті Флорентино Перес арасындағы келіспеушіліктен кейін орын алып отыр.

«Корольдік клуб» 27 жастағы футболшыны 65 миллион евроға бағалап отыр. Егер бұл қаржыны каталондық "Барселона" ұсынса да команда футболшыны сатуға дайын көрінеді. AS мәліметіне сүйенер болсақ, тамыз айының соңына қарай жалақысын көтеруді талап еткен Серхио Рамос пен клуб басшылығы арасында алауыздық орнаған. Ал «Реал» командасының бас бапкері Карло Анчелоттидің да қорғаушыға көңілі толмайтын көрінеді. Соңғы ойында «Галатасараймен» болған кездесуде мұндай көріністі анық байқауға болады. 


Естеріңізге сала кететін болсақ, Серхио Рамос пен клуб арасындағы келісімшарт 2017 жылы ғана өз күшін жояды. Ал мадридтік команда басшылығы футболшымен арадағы келісімді 2 жыл кері шегеруді ұйғарған болатын. Әзірге «Манчестер Сити» мен «ПСЖ» жылына 7,5-9 миллион евро жалақымен футболшыны командаларына шақыруға ниет білдіруде.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: football.ua

Ө. Сансызбай