Дзюдошыларымыз Жапонияда бақ сынайды

Дзюдошыларымыз Жапонияда бақ сынайды

29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Жапонияның Токио қаласында дзюдодан «Үлкен Дулыға» турнирі өтеді. Бұл биылғы маусымның шымылдығын жабатын ең соңғы сайыс болып саналады. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ермек Имамбеков пен Владимир Кичатов баптайтын Қазақстан ерлер құрамасы Токиоға төмендегі құраммен аттанды:

60 келіге дейінгі с/д – Елдос Сметов пен Асхат Тельманов

66 келіге дейінгі с/д – Азамат Мұқанов пен Елдос Жұмаханов

73 келіге дейінгі с/д – Ертуған Төренов

81 келіге дейінгі с/д – Дәулетхан Жақыпов пен Бекжан Әбдуәлиев

100 келіге дейінгі с/д – Максим Раков

100 келіден жоғары с/д – Ержан Шынкеев

Сергей Лим (66 келіге дейінгі с/д), Дастан Ықыбаев (73 келіге дейінгі с/д) мен Ислам Бозбаев (90 келіге дейінгі с/д) бұл турнирге қатыспайды.

Турнирдің өту кестесі

29 қараша, жұма, бірінші сайыс күні

10:00 – қыздар: 48,52,57 келі с/д; ерлер: 60 және 66 келі с/д

13:30 – сайыстың ашылу салтанаты

15:30 – финалдық кездесулер

30 қараша, сенбі, екінші сайыс күні

10:00 – қыздар: 63 және 70 келі с/д; ерлер: 73 және 81 келі с/д

15:30 – финалдық кездесулер

1 желтоқсан, жексенбі, үшінші сайыс күні

10:00 – қыздар: 78,+78 келі с/д; ерлер: 90,100,+100 келі с/д

15:30 – финалдық кездесулер

«Үлкен Дулыға» турнирін ippon.tv сайтынан және KAZsport телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар. Белдесулер қорытындысы ippon.org сайтында жарияланады.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай