ФИФА рейтингінде үш сатыға көтерілдік

О Сансызбай Корреспондент
ФИФА рейтингінде үш сатыға көтерілдік

Футболдан ФИФА ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады. Қазақстан ұлттық құрамасы 3 саты жоғарылап, 132-ші орынға жайғасты.

БӨЛІСУ

Көш басында келе жатқан алғашқы ондықтағы ұлттық құрамалардың нәтижелерінде өзгерістер орын алды. Испания ұлттық құрамасы тізгінді өз қолында ұстап қалса, Аргентина мен Германия қайта орын ауысты. Лионель Месси құрамасы үшінші сатыға сырғыды. Екінші сатыдан немістер орын алды. Швейцария ұлттық құрамасы 1 саты кері жылжып, Италияға орын босатты. Ал Португалия ұлттық құрамасы 9 команданы артқа тастап, бестікке бір-ақ енді. Есесіне Бельгия мен Англия құрамалары ондықтан шығып қалды.

Ең төменгі нәтижені Гайан құрамасы көрсетіп отыр. Олар 36 саты төмендеп, 150-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін «Бостандық аралының» (Куба) құрамасы еншіледі. Олар бірден 27 саты жоғарылап, 47-ші орынға табан тіреген. Сонымен қатар Египет және Бурунди  ұлттық құрамаларының жағдайы да жоғары көрсеткішке көтеріліп отыр.

 Алғашқы ондыққа енген ұлттық құрамалар тізімі:

1 (1). Испания - 1507 ұпай,
2 (3). Германия – 1318 ұпай,
3 (2). Аргентина – 1251 ұпай,
4 (4). Колумбия – 1200 ұпай,
5 (14). Португалия – 1172 ұпай,
6 (6). Уругвай – 1132 ұпай,
7(8). Италия – 1120 ұпай,
8 (7). Швейцария – 1113ұпай,
9 (8). Нидерланды – 1106 ұпай,
10 (11). Бразилия – 1102 ұпай,

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz, vk.com