Хави журналистиканы игергісі келеді

Хави журналистиканы игергісі келеді

«Барселона» және Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Хави журналистика саласындағы алғашқы қадамын жасады. Футболшының The Objective  деп аталатын интернет-порталына алғашқы шағын мақаласы жарияланды.

Хави тұңғыш мақаласында 64 жастағы америкалық танымал жүзгіш Диана Найадтың Сэнди дауылынан зардап шеккендерге көмектесу үшін 48 сағат тоқтаусыз суда жүзгенін жазған. Нәтижесінде жүзгіш 100 мың еуро көлемінде қаражат тапқан екен.

«Диана өзінің осындай үлкен құрбандығымен һәм дархандығымен кейінгілерге үлгі болуға тиіс» дейді Хави өз мақаласында.

33 жастағы футболшы Испания құрамасының сапында бүгінге дейін 130 ойын өткізген. Құрамамен бірге екі мәрте Еуропа чемпионы (2008, 2012) және Әлем чемпионы (2010) атағын жеңіп алған.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: eurosport.ru

Ш. Талап