Чемпиондар Лигасы: ойындарға шолу...

Чемпиондар Лигасы: ойындарға шолу...

Чемпиондар Лигасының топтық кездесулерінің бесінші тур ойындары өтті...

Португалдық "Порту" командасы өз алаңында аустриялық "Аустрия" командасын қабылдап, 1:1 есебімен тең ойнап қалды. Қонақтар ойынның 11-минутында есеп ашқан болатын - Роман Кианист еншісіне бір гол жазды. Алаң иелерінің жауабы да көп күттірмей, ойынның 48-минутында орын алды. "Порту" сапындағы ең үздік сұрмерген аталып жүрген Джексон Мартинес таразы басын теңестіріп кетті. 

Португалдық команда өз алаңында "Атлетикомен" тең есеппен ойнап қалған "Зениттің" ұпай жоғалтуын оңтайлы пайдаланып қала алмады. Және "G" тобының турнир кестесінде үшінші орнын сақтап қалды.

Қазіргі таңда "Портудың" қоржынында 5 ұпай бар, "Зенитте" - 6 ұпай. Топты ерте күннен келесі кезеңге жолдама алып қойған мадридтік "Атлетико" бастап келеді (13 ұпай), "Аустрияда" - 2 ұпай. 

"E" тобында швейцариялық "Базель"командасы өз алаңында лондондық "Челсиді" 1:0 есебімен жеңіп кетті. "Челсиге" соғылған жалғыздың голдың авторы Мохамед Салах болды. Осы топтың келесі бір ойынында румындық "Стяуа" немістің "Шальке" командасымен ұпай бөлісті - 0:0.

"Челси" жеңіліске қарамастан, 9 ұпаймен топтағы бірінші орынды сақтап қала береді. "Базель" (8 ұпай) мен "Шалькеге" (7) келесі кезеңге шығуға мүмкіндік  сақталуда. Ал "Стяуа" (3) бұл топта соңғы орында.

Нидерладық "Аякс" өз алаңында каталондық "Барселонаны" 2:1 есебімен тізе бүктірді. Тулани Сереро (19-минут) мен Данни Хезеннің (42-минут) голдары "Аякс" клубына бірінші таймда-ақ жақсы сезінуге жол ашқан болатын. Сосын төреші Павел Краловец амстердамдықтар сапынан Джоэла Велтманды алаңнан қуып, он бір метрлік айып добын белгіледі. 

Осы топтың келесі бір кездесуінде италияндық "Милан" командасы қонақта шотландық "Селтик" командасымен бақ сынасты - 3:0. "Кака (13-минут), мен Кристиан Сапатаның (49-минут), Марио Балотеллидің (60-минут) голдары "қызыл жағалыларға" жеңіс әкелді. 

"Барселона" 10 ұпаймен "H" тобында жеке дара көш бастап келеді. "Милан" (8) ұпаймен екінші орында тұр, "Аякс" ізімен бір ұпайға өкшелеп келуде. "Селтик" (3) келесі кезеңге өту жолдамасынан айырылды... 

"F" тобында лондондық "Арсенал" француздың "Марсель" командасын 2:0 есебімен жеңіп отыр. "Кананирлерге"  Джек Уилшердің 1-ші және 65-минуттарда соққан голдары жеңіс сыйлады. Осы топтың келесі бір кездесуінде "Боруссия" италиялық "Наполиді" қабылдады - 3:1. Немістер сапынан Марко Ройс (10-минутта пенальтиден), Якуб Блащиковский (60-минут) және Пьер-Эмерик Обамеянг (78-минут) көзге түссе, қонақтар қатарынан Лоренцо Инсинье (71-минут) бір гол соқты. 

"Арсенал" 12 ұпаймен топ ішінде көш басында. "Боруссия" (9) екінші сатыға жайғасып, "Наполиді" (9) жеке кездесулер қорытындысы бойыншы артта қалдыруда. "Марсель" бес ойында да жеңіліске ұшырап, ойын кестесін қорытындылауда.

Автор: Әкежан Дәкен

сурет: 062.ua 

Л. Лига