Бразилия құрамасы Әлем чемпионатына жаңа жейдемен қатыспақ

Бразилия құрамасы Әлем чемпионатына жаңа жейдемен қатыспақ

Nike компаниясы Бразилия құрамасын өз жерінде өтетін Әлем чемпионатына жаңа жейдемен қатысуына мүмкіндік жасап отыр. Жаңа жейденің жағасы жасыл, ретро-стильде тігілген. Бір айта кетерлігі, жаңа жейденің сапасы мамандар тарапынан жоғары бағалануда.

Естеріңізге сала кетейік, Бразилия құрамасы "2014 жылы өтетін футболдан Әлем чемпионатының" қожайыны ретінде іріктеуге қатыстырылмаған болатын. Ежелгі дәстүр бойынша жарыс қожайындары әлем чемпионатында іріктеусіз бақ сынайды. Бүгінде Бразилия құрамасы Әлем чемпионатына алаңсыз дайындық үстінде.

Сонымен, Nike компаниясы ұсынған жаңа жейдемен таныс болыңыздар:

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: eurosport.ru

Ш. Талап