Денис Тен Icechallenge турнирінде жеңіске жетті

Денис Тен Icechallenge турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Австрияның Грац қаласында дәстүрлі түрде өткізілетін Icechallenge турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

20 жасар қазақстандық спортшы өнер көрсеткен бағдарламасы үшін 173,19 ұпайға ие болып, қарсыластарынан бірнеше ұпайға ұзап кете алды. Күміс алқаны айдын қожайыны Виктор Пфейфер иеленді. Ол жарыс қорытындысы бойынша 134,09 ұпай көрсеткішін тіркеді. Ал үшінші орын 131, 87 ұпай алған дат спортшысы Юстус Стридке бұйырды.    

Осылайша қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы өзі қатысқан екінші турнирде де топ жарып отыр. Осыған дейін ол Италиядағы жарыста алтыннан алқа тағынған еді.  


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: kk.convdocs.org

Б. Қосмағамбет