"Қайрат" - "Тұлпар". Ойын нәтижесі

"Қайрат" - "Тұлпар". Ойын нәтижесі

Алматылық "Қайрат" футзал командасы Уефа Кубогінде қарағандылық "Тұлпарды" қабылдап, "С" тобынан бірінші орынмен "төртеудің финалына" шықты. 

Алматы төрінде өткен кездесу 7:1 есебімен алматылықтардың пайдасына аяқталды. Қайраттықтар сапынан Алешандре Мораес, Фумаса, Жоан, Серік Жаманқұловтар бір-бір мәртеден көзге түссе, екі доп Леоның еншісіне жазылды. Қарсыластар сапынан Сидней өз қақпасына доп соғып алса, Дуглас жалғыз голды соғумен жұбаныш санады.

Ертеректе "Қайрат" клубы босниялық "Танго" мен белоруссиялық "ВитЭн" клубын 9:0 есебімен ойсырата жеңген-ді.

Осыдан аз күн бұрын "төртеудің финалына" испандық "Барселона" ("А" тобы) мен мәскеулік "Динамо" ("В" тобы) шығып қойған-ды. Тағы бір қарсыласты "Д" тобы ішінде португалдық "Спортинг" пен әзербайжандық "Араз" командалары анықтайды. Жарыстың шешуші күндері 2014 жылдың сәуір айында өтпек.

"Қайрат" клубы УЕФА кубогінің 2012/2013-маусымының жеңімпазы саналады. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: prosportkz.kz 

Л. Лига