"Арландар" екінші жеңісіне жетті

"Арландар" екінші жеңісіне жетті

Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) төртінші маусымы аясында «Astana Arlans» Санкт Петербургте ресейлік «Russian Boxing Теаm» клубын 3:2 есебімен ұтып, екінші жеңісіне қол жеткізді.

Жерлестеріміздің сапынан алғаш болып шаршы алаңға көтерілген Олжас Сәттібаев екі дүркін Әлем чемпионы Миша Алоянға төтеп бере алмады. Алғашқы раундта сәтті өнер көрсеткенімен, кейінгі уақыттарда ресейлік боксшы тәжірибесіне сүйеніп, өз мықтылығын танытып кетті.

Екінші болып рингте бақ сынаған «Astana Arlans» капитаны Самат Башенов Адлан Абдурашидовты сенімді түрде жеңіп, кездесудегі есепті теңестірді.

69 келіде жерлестеріміздің намысын қорғаған Мейірім Нұрсұлтанов Александр Ивановты алғашқы үш раундта-ақ тізе бүктіре білді. Осылайша қарсыласына басымдығын танытқан Мейірім командамызды алға шығарды.

81 келіде бақ сынайтын ресейлік Дмитрий Бивол жерлесіміз Данабек Сужановты алғашқы раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіп, есепті теңестірді.

«Astana Arlans» клубының +91 келідегі хорватиялық легионері Филип Хргович Сергей Кузьминді жеңіп, жерлестерімізге маусымдағы екінші жеңісті сыйлады.

Енді «Astana Arlans» келесі кездесуін 9 желтоқсан күні мексикалық «Mexico Guereros» клубымен өткізеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: afisha.nur.kz

Ө. Сансызбай