«Тұлпар» екінші жеңісін тойлады

«Тұлпар» екінші жеңісін тойлады

Футзалдан УЕФА кубогының элиталы кезеңінде бақ сынап жатқан «Тұлпар» екінші кездесуінде жеңіске жетті. Осылайша қарағандылық команда топтан шығу мәселесін шешуге үлкен қадам жасады.

Бір топта бақ сынап жатқан «Қайрат» пен «Тұлпар» алғашқы кездесулерін жеңіспен бастаған болатын. Жаңа ғана екінші кездесуін беларусьтық «ВитЭн» командасымен өткізген «Тұлпар» қарсыластарынан 4:2 есебімен басым түсті. Жерлестеріміздің сапынан Нұрғожин, Довгань, Талес және Дуглас көзге түсті. Ал «ВитЭн» қатарынан Лихач пен Шиловский есеп қысқартты. Осылайша қарағандылық команда топтан шығу мәселесін шешуге үлкен қадам жасады. Дегенмен бір топтан бір-ақ команда шығады. Ал бұл топта алматылық «Қайрат» та бар. Олар бүгін босниялық «Тангомен» кездеседі.

Естеріңізге сала кетсек, кеше «Тұлпар» босниялық «Тангоны» 8:3, «Қайрат» «ВитЭнды» 9:0 есебімен жеңген болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz

Ө. Сансызбай