«Russian Boxing Team» vs «Astana Arlans»

«Russian Boxing Team» vs «Astana Arlans»

Ертең WSB додасының төртінші маусымы аясында ««Astana Arlans» Санкт-Петербургте «Russian Boxing Team» командасымен кездеседі.

Шаршы алаңда ел намысын Олжас Сәттібаев (52 кг), Самат Бәшенов (60 кг), Мейірім Нұрсұлтанов (69 кг), Данабек Сужанов (81 кг) және Филип Хргович (+91 кг) қорғайтын болады. Бұл қонақта өтетін кездесу жерлестерімізге оңай соқпасы анық. «Russian Boxing Team»  командасын 52 келіде екі дүркін Әлем чемпионы Миша Алоян бастап шығады. Ресейлік былғары қолғап шеберлерімен болатын жекпе-жекте ережеге сай екінші «бестіктің» жігіттері жұдырық түйістіретін болады. Нақтырақ айтсақ, бұл жолы 52, 60, 69, 81, +91 келідегі боксшылар бақ сынайды.

Қос команда құрамы:

52 кг: Миша Алоян — Олжас Сәттібаев
60 кг: Адлан Абдурашидов — Самат Башенов
69 кг: Александр Иванов — Мейірім Нұрсұлтанов
81 кг: Дмитрий Бивол — Данабек Сужанов
+ 91 кг: Сергей Кузьмин — Филип Хргович (Хорватия)

Естеріңізге сала кететін болсақ, алғашқы кездесуін «Astana Arlans» Әзербайжанның «Баку Файерс» командасымен өткізіп, қарсыластарын 4:1 есебімен тізе бүктірген еді. Дүниежүзілік бокс сериясындағы өткен маусымда жеңімпаз атанған жерлестерімізге жеңіс тілейміз! Кездесудің жазба нұсқасын 24 қараша күні Астана уақытымен сағат 01:35-те "KazSport" арнасынан тамашалай аласыздар.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай