Ибрагимович: "Мен Роналдуға қол соққан жоқпын"

Ибрагимович: "Мен Роналдуға қол соққан жоқпын"

Goal.com хабарлауынша, Швеция – Португалия (2:3) құрамалары кездесуінде (Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі) швед ойыншысы португалдықтың екінші голына қол соқпаған. Француздың "ПСЖ" клубының шабуылшысы ағымдағы ақпаратты теріске шығарды.

"Мен Роналдуға қол соққан жоқпын. Бар болғаны командаластарымды демеп алғым келді. Ойын біткенше тартыс күтіп тұрған болатын.

Криштиану - қарымта шабуылда қайталанғысыз керемет футболшы. Дегенмен, оған көп кеңістік беріп қойғанымызды жасырмаймыз. Мен оны әлемнің ең үздік ойыншысы санаймын ба? Бір ғана айтарым, маған қарағанда оның бір гол артық соққаны" - дейді Ибрагимович.

Естеріңізге салат отырсақ, бұл ойында Ибрагимович дубль жасаса, ал Роналду хет-трик жасаған еді.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: telegraaf.nl

Л. Лига