Испания кездесуі «қара тізімге» ілінді

Испания кездесуі «қара тізімге» ілінді

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) кеше ОАР мен Испания арасындағы жолдастық кездесуді есепке алмауға шешім шығарды.

Ұлттық құрамалар арасындағы кездесудің «қара тізімге» енуі - Халықаралық футбол федерациясының ережелерін сақтамағандықтан орын алып отыр. Испания алаңдағы алты бірдей футболшысын ауыстырғаннан кейін, 81 минутта 7-ші футболшысын алаңға шығарды. Жарақат алған Виктор Вальдестің орнына Пепе Рейна кірді. Бұл – ФИФА ережелеріне сай келмейді.

Өз кезегінде футболшы ауысуға төрешілер мен ОАР ұлттық құрамасы мамандары мән бергенімен, ФИФА кездесуді тоқтатуға шешім шығармаған-ды. Енді бұл ойын құрамалардың рейтингтегі көрсеткішіне әсер етпейтін болады. Ал кездесу 1:0 есебімен ОАР пайдасына шешілген еді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sportbox.ru 

Ө. Сансызбай