Блаттер Роналдуды құттықтады

Блаттер Роналдуды құттықтады

Халықаралық футбол федерациясының президенті (ФИФА) Йозеф Блаттер португалдық футболшы Криштиану Роналдуды кеше көрсеткен тамаша ойынымен және Әлем чемпионатына барар жолдамамен құттықтады.

«Португалияны құттықтаймын! Олар 29-шы команда болып Әлем чемпионатына жолдама алды. Криштиану өте керемет ойын өрнегін көрсете білді және командасын Әлем чемпионатына алып шыға алды», – деді Блаттер туиттердегі парақшасында.

Естеріңізге сала кететін болсақ, кеше Португалия ұлттық құрамасы қос кездесу қорытындысы бойынша Швецияны 4:2 есебімен тізе бүктіріп, Бразилияға жолдама алған болатын. Ал Роналду мен Блаттер арасындағы кикілжіңнен кейін, португалдық футболшының өкпесі әлі тарқай қойған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Роналду «Алтын доптың» салтанатты марапаттау рәсіміне қатысуға құлықты емес көрінеді. Дегенмен «Реал» сұрмергені аталған атаққа басты үміткерлердің санатында. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: headlines.yahoo.co.jp

Ө. Сансызбай