Мексика Әлем чемпионатына барады (видео)

Мексика Әлем чемпионатына барады (видео)

Футболдан 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде қос кездесу қорытындысы бойынша Жаңа Зеландия  құрамасын жеңген Мексика «мундиальға» жолдама алды.

Мексикалықтар дүбірлі додаға 31-ші команда болып тіркелді. Олар өз алаңында Жаңа Зеландияны 5:1 есебімен тізе бүктірген еді. Енді қарымта кездесуде де жеңіске жетті. Қос кездесу қорытындысы бойынша есеп 9:2 болды. Жаңа Зеландияда өткен кездесуде «Сантос Лагуна» командасының шабуылшысы Орибе Перальта хет-трик авторы атанса, Пенья бір допты еншісіне жазды. Ал алаң иелері сапынан Джеймс пен Фаллон бір-бір доптан жауап қатты. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: rsport.ru

Ө. Сансызбай