Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Жұмысқа кел, жас маман!
Жұмысқа кел, жас маман!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Денис Тен Италиядағы турнирде топ жарды

Денис Тен Италиядағы турнирде топ жарды

Денис Тен Италиядағы турнирде топ жарды

Танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Италияда өткен "Merano Cup" турнирінде топ жарды. 

Денис бұл жарыста 231,12 ұпай жинап, Қытайдағы Гран-при жарысындағы көрсеткішінен 7 ұпайға артық жинай алды. Екінші орынға Жапония спортшысы, Бүкіләлемдік Универсиада Ойындарының қола жүлдегері Дайсуке Мураками жайғасты. Оның еншісінде 222,89 ұпай бар. Ал үшінші орын айдын қожайыны Паола Баччиниде (189,07).   

Осы жеңісінің арқасында Денис Тен конькимен жүгірушілердің Халықаралық одағының (ISU) рейтингісінде 250 ұпайды қанжығасына байлады. Ал дәл қазіргі кезде жерлесіміз ISU рейтингісінде бесінші орында тұр. 

«Merano Cup» халықаралық турнирі 1997 жылдан бері Италияның Мерано қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.  

Айта кетейік, Денис Тен - мәнерлеп сырғанаудан өткен әлем чемпионатында медаль олжалаған тұңғыш қазақстандық спортшы саналады. 2013 жылы Канаданың Лондон қаласында өткен сайыста ол екінші орыннан көрінген болатын. Одан бөлек, ол Алматыда болып өткен қысқы Азия ойындарында алтыннан алқа тағынды.

Ал қазіргі кезде Денис Тен 20-23 қараша күндері аралығында Австрияда өтетін "IceChallenge" турниріне қызу дайындық үстінде. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: Самрұқ-Қазына баспасөзі

741 4
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 20 қараша 2013, 13:34
Пікірлер
+0
20 қараша 2013, 13:47

Жарайсың!

+0
20 қараша 2013, 14:26

ооо керемет жаңалық)

+0
20 қараша 2013, 14:35

Керемет жаңалық екен! Құтты болсын!

+0
21 қараша 2013, 14:58

ураааааааааааа Қазақ бала,,,,,,,,,,,,,,,,, :roll: жарайды Қазақстандық бала ғой! :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...