Жолдастық кездесу. Испания жеңіліс тапты

О Сансызбай Корреспондент
Жолдастық кездесу. Испания жеңіліс тапты

Бүгін Әлем чемпионатына жолдама жолындағы таласпен қатар жолдастық кездесулер де өтті. Назарларыңызға сол ойындардың нәтижелерін ұсынамыз.

БӨЛІСУ

ОАР – Испания

Испания ұлттық құрамасы  Йоханнесбургте Оңтүстік Африка Респбликасынан жеңіліс тапты. Кездесудегі жеңіс голын Паркер соқты. Ал «Жеңілмейтін Армада» ең соңғы рет маусымда Бразилияға жеңілген болатын.

Англия – Германия

Немістер қонақта бір доп айырмасымен ағылшындарды тізе бүктірді. Кездесудегі шешуші голды алғашқы тайм аяқталар тұста лондондық «Арсенал» қорғаушысы Пер Мертезакер соқты.

Бельгия – Жапония

Бүгінгі таңда талантты футболшыларымен мақтана алатын Бельгия ұлттық құрамасына тәжірибе немесе мықты бапкер жетіспей жүрген секілді. Әлем чемпионатының топтық кезеңінен сүрінбей өткенімен, азулы командалармен аса көп жолы түйісіп көрген жоқ. Бүгінгі Жапониямен болған жолдастық  кездесудегі ойын 2:3 есебімен қонақтар пайдасына шешілді. Осыдан бірнеше күн бұрын Колумбиядан жеңілген болатын.

Польша – Ирландия


 

Польша осыдан бірнеше күн бұрын Словакиямен болған жолдастық кездесуде жеңіліс тапқан еді. Ал бүгінгі Ирландиямен болған ойында есеп ашылмады.

Словакия – Гибралтар


Алдыңғы жолдастық кездесуде Польшаны жеңген словактардың Гибралтар ұлттық құрамасын жеңуге шамалары жетпеді. Қос команда бір-бірінің қақпа саңылауларын таба алмады. Ал мамыр айында УЕФА-ның 54-ші мүшесі болып енген Гибралтар елінің ұлттық құрамасы тарихында алғаш рет тең кездесуге қол жеткізіп отыр.

Ресей - Корея

Ресейліктер бірінші болып гол жібергенімен, соңынан екі гол соғып, жанкүйерлерін қуантты.

Австрия – АҚШ


Австрия өз алаңында Янко соққан голдың арқасында жеңіске жетті. 

Сонымен қатар өзге кездесулер нәтижелері:

Түркия - Беларуссия 2-1

Словения - Канада 1-0

Норвегия - Шотландия 0-1

Мальта - Фарер аралдары 3-2

Лихтенштейн - Эстония 0-3

Голландия - Колумбия 0-0

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru