Анчелоттидің автобиографиялық кітабы жарыққа шықты

Ла Лига Корреспондент
Анчелоттидің автобиографиялық кітабы жарыққа шықты

Мадридтік "Реалдың" бас бапкері  Карло Анчелотти "Менің жаңа жылдық шыршам" атты жаңа кітабын шығарды. Marca басылымы автобиографиялық еңбекте атақты жаттықтырушының спорттағы мансап жолы мен сан тарау өмір өткелдері түскенін жазады. 

БӨЛІСУ

"Футбол әр уақытта, әрқашанда менің өмірім және жұмысым болып қала береді. Бұл кітап әрістестеріммен бірге өткізген өмір өткелдерін қамтиды. Бұл оқиғалар футбол алаңында біліп түйген, зерттеп білген тәжірибелер жиынтығы", – дейді Анчелотти.

Анчелотти футболшы есепті Италияның «Парма», «Рома», «Милан» командаларында өнер көрсеткен. Бас бапкер ретінде италиялық «Ювентус», «Милан» және «Челси», «ПСЖ» секілді клубтарды жаттықтырды. 2013 жылдың жазында «Реалдың» бас бапкері болып тағайындалды. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: jevons.ru