"Челси" Фалькаоға қызығушылық танытуда

О Сансызбай Корреспондент
"Челси" Фалькаоға қызығушылық танытуда

Лондондық «Челси» қысқы трансфер маусымында Фернандо Торресті «Монако» және Колумбия ұлттық құрамасының шабуылшысы Радамель Фалькаоға ауыстырғысы келеді. Бұл туралы "Спорт-Экспресс" хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

29 жастағы футболшыға «ақсүйектер» қомақты қаржы және испандық шабуылшы Фернандо Торресті айырбастауға ниетті екенін мәлімдеген. Сонымен қатар осы қысқы трансферде лондондық ұжым 60 миллион фунт стерлинг қаржы жұмсауды жоспарлаған болатын. Ал олардың бас жоспарында Фалькао тұр.

Естеріңізге сала кететін болсақ, осы маусымда «Атлетико Мадридтен» «Монакоға» ауысып келген Фалькао 13 кездесу өткізіп, 9 рет нәтижелі соққысымен көзге түскен еді. Ал Торрес бұл маусымда премьер-лигада 8 ойыннан 1 гол соққан. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: viewy.ru