Это'О Бразилияға барады

 Это'О Бразилияға барады

Футболдан Камерун ұлттық құрамасы қос кездесу қорытындысы бойынша Тунисті жеңіп, 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.

Қарымта кездесу Камерунде өтіп, алаң иелері 4:1 есебімен жеңіс туын желбіретті. Алғашқы кездесуде есеп ашылмаған болатын. Ал «Челси» шабуылшысы Самуэль Это'О кездесуде командасын алға сүйрей білді. Осылайша камерундықтар өз тарихында жетінші рет Әлем чемпионатына жолдама алып отыр. Бұл Африка құрлығы елдері арасындағы рекордтық көрсеткіш.

Естеріңізге сала кететін болсақ, осыған дейін Нигерия мен Кот-д'Ивуар ұлттық құрамалары Бразилияға жолдама алып үлгерген еді. Ал Египет - Гана, Алжир – Буркина-Фасо қарымта кездесулері сейсенбі күні өтеді. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ua.tribuna.com

Ө. Сансызбай