Ибрагимович VS Роналду

Ибрагимович VS Роналду

Бүгін кешкісін Португалия мен Швеция құрамалары Әлем Чемпионатына жолдама алу үшін кездесу өткізеді. Лиссабон төрінде өтетін кездесуге қос мықты шықпақшы...

* * *

Криштиануды миллиондаған қыз-келіншек жақсы көрсе, Златанды ерлер қауымы қатты құрметтейді. Бүкіл әлемдегі қыз-келіншектердің 70 пайызы (футбол көрмейтіндері де) өз дауыстарын Криштиге берер еді.

Златан футболда қызуқанды, қоғамдық ортада айтқыш келсе, Кришти футболда дүлей, үйде тыныш жанға айналып үйренген.

Португалия құрамасы да, Швеция құрамасы да Кришти мен Златансыз алысқа бара алмайды.

Бір айта кетерлігі, Кришти жақта 20 адам, Ибра жақта 20 адам ойнайды.

Роналдуды жұрт жек көріп тұрып, жақсы көреді. Златанды біліп тұрып, түсінгісі келмейді... 

Криштиану бүкіл әлемді өзіне қаратса, Златан аузына қаратып алған. Бір апта өтпей жатып оның айтқан сөздері қанатты тіркестерге айналып кетеді. 

Златан мен Криштиану таңдауы - біріне "Бэнтли" мен симфониялық оркестр ұнаса, екіншісіне «Ламборджини» мен хардкор ұнамды. 

Кришти елден ерекше өмір сүргісі келеді, Златан еркіндікте болғанды қалайды. 

Криштиану "МЮ" мен "Реалды" қуанта алса, Златан "ПСЖ", "Барселона", "Интер", "Милан" командаларына ой тастамақ. 

Златан Әлем чемпионатына бара алмай жүрген ойыншы, Кришти Әлем чемпионатынан ала алмай жүрген шабуылшы... Криштиді ел-жұрт көргісі келеді, Златанның ойнағанын қалайды.

Златан Ибрагимович – жаңа заман футболында даралығы басым шабуылшы. Керемет кунг-фу орындаулар мен Франция біріншілігі. Криштину Роналду - жаңа заман футболында сүйкімі артық шабуылшы және испан примерасы. 

* * *

Қысқасы, Әлем чемпионатынан Роналдуды көрмесек, әдемі голдары көрмейміз. Златанды көрмесек, естелік болып қалуға тамаша голдар жетіспейді. Нағыз футбол өзі шешер деген ойдамыз! Футбол спектаклі Лиссабон төріне шақырады. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: impactnottingham.com

Л. Лига