«Astana Arlans» vs «Baku Fires»

«Astana Arlans» vs «Baku Fires»

Бүгін «Astana Arlans» биылғы маусымдағы алғашқы кездесуін өткізеді. Алматыдағы «Almaty Towers»  бизнес кешенінде әзірбайжандық «Baku Fires» клубын қабылдайды.

Кездесулер Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады. Шаршы алаңға бес жұп бокшылар көтеріледі. Қазақстандық команданың құрамында шаршы алаңға Әнуар Мұзафаров, Бағдат Әлімбеков, Асхат Уәлиханов, Сергей Деревянченко және Василий Левит шығады. Жекпе-жекке шығатындар құрамы төмендегідей:

49 келі. Әнуар Мұзапаров - Хамза Наметов

56 келі. Бағдат Әлімбеков - Магомед Гурбанов

64 келі. Асхат Уәлиханов - Осман Алиев

75 келі. Сергей Деревянченко - Микалай Весьялоу

91 келі. Василий Левит - Абдулкадир Абдуллаев

Естеріңізге сала кететін болсақ, осыған дейін төртінші маусым ережелері мен жүйесінің өзгеруіне байланысты қарымта кездесуде шаршы алаңға қалған бес салмақтың былғары қолғап шеберлері көтеріледі. Жеребеге сай алғашқы бестіктің боксшылары өз алаңында, ал екінші бестіктің боксшылары сырт алаңда жұдырықтасатын болады. Шаршы алаңдағы кездесулерді «KAZsport» арнасынан Астана уақытымен сағат 23:55-те тамашалай аласыздар.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sportinfo.kz

Ө. Сансызбай