Э. Холифилд: "Головкин - бұрынғы кеңес елдері арасынан шыққан үздік боксшы"

Э. Холифилд: "Головкин - бұрынғы кеңес елдері арасынан шыққан үздік боксшы"

Аса ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы, тарихта Тайсонмен болған кездесуден соң (әйгілі «құлақ» оқиғасы) жер жаһанға танылған америкалық Эвандер Холифилд орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинді «бұрынғы кеңес елдері арасынан шыққан ең үздік боксшы» деп атады.  

«Головкин – тамаша спортшы және өте мықты боксшы» деп мәлімдеді Холифилд. Ал журналистердің "қазіргі заманның ең үздік боксшысы кім" деген сұрағына ол: «Сөзсіз, Флойд Мэйуэзер. Оны әлі ешкім де жеңген емес»,-деп жауап берді.

1

Флойд Мэйуэзер

Естеріңізге салсақ, Геннадий Головкин өзінің соңғы кездесуін Нью-Йорк қаласында Кертис Стивенске қарсы өткізіп, сегізінші раунд аяқталысымен техникалық нокаут арқасында жеңіске жеткен еді. Енді ол алдағы кездесуін 2014 жылдың 1 ақпанында Монаконың әйгілі Монте-Карло ойын-сауық ауданында өткізбек. Ал қарсыласының кім болатындығы әзірге белгісіз.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: spletnik.ru liveinternet.ru

Б. Қосмағамбет