Венгер: «Роналду Мессиді басып озады»

Қарлыға Бүйенбай Корреспондент
Венгер: «Роналду Мессиді басып озады»

Лондондық «Арсенал» командасының бас бапкері «Реал» мен «Барселона» көшбасшылары Роналду мен Месси туралы өз көзқарасын білдірді. Бұл туралы The Daily Mail хабарлап отыр.

БӨЛІСУ


Әлемнің екі үздік футболшысын салыстыра қарау қиын. Менің ойымша, осыған дейін аргентиналық футболшы мықтылығын танытып келді. Алайда осы жылы Роналду Мессиді басып озады. Өйткені «корольдік клубтың» ойыншысы соңғы кездесулерінде нағыз көшбасшыға айналып үлгергенін дәлелдеуде. Ал каталондық команданың үздік футболшысын жарақаты тежеуде.

Естеріңізге сала кететін болсақ, осыған дейін «Барселонаның» шабуылшысы жарақатына байланысты бұл жылы жасыл алаңға шыға алмайтыны жайлы хабарлаған болатынбыз. Ал дәл осылай ФИФА президенті Йозеф Блаттер португалиялық пен аргентиналық футболшыны салыстыра айтқан көзқарасына Роналду өкпелеп қалған болатын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: live-football.ru