Ибрагимович: "Әлем чемпионатына баруға..."

Ибрагимович: "Әлем чемпионатына баруға..."

Daily Mail хабарында Златан Ибрагимович Әлем Чемпионатына баруға лайықты Португалия мен Швеция құрамаларының арасына ой тастаған...

"Португалия - басым (фаворит) шығар, бірақ, оларға қарағанда біздер Әлем чемпионатына баруға көбірек тер төктік" - деген Швеция құрамасының шабуылшысы Златан Ибрагимович.

"Швеция плей-оффқа шықты, фантастикалық жұмыстар жасалды. Португалия - басымдау, бұл тұста еш күмән туғызбасы анық. Жеребе тарту рәсімінде бізбен түскенде, көпшілік күмәнінде біздің жағдай қиындап сала берген болатын. Солай екені де рас. Әлем Чемпионатына жолдама алу қиын шаруа. Менің ойымша, оларға қарағанда біздер жолдама алуға көбірек тер төккен сияқтымыз. 

Қалай дегенмен де, оларда бар ойыншыларды есепке ала отырып, португалдықтардың басымдау екенін жасырмаймын" - депті сөз аяғында.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: dailymail.co.uk

Л. Лига