Головкин Қазақстанға келді

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Головкин Қазақстанға келді

Орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий (GGG) Головкин кеше, 11 қараша күні Астанаға келіп қонды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Спортшының ағасы Максим Головкиннің айтуынша, қазақстандық боксшы отанына өзінің жеке және іскерлік мәселелері бойынша аз уақытқа ғана келген. Алғашқыда ол елордада бірнеше уақыт болып, кейін өзінің туған қаласы Қарағандыға ат басын бұрады деп күтілуде.  

Естеріңізге салсақ, Головкин 3 қараша күні Нью-Йоркте американдық Кертис Стивенске қарсы кездесу өткізіп, чемпиондық атағын сәтті қорғап шыққан болатын. Гена қарсыласын сегізінші раунд аяқталысымен техникалық нокаутпен ұтып, осылайша ол кәсіпқой бокс мансабындағы 28-ші жеңісіне (оның 25-і нокаутпен) қол жеткізді.

Ал келесі кездесуін Головкин 1 ақпанда Монаконың атақты Монте-Карло ойын-сауық ауданында өткізеді. Болашақ қарсыласының кім болатынындығы жөнінде осы күнге дейін біраз әңгіме айтылса да, әзірше оның промоутері ресми ақпарат тарата қойған жоқ. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz