Пушкаш сыйлығына үміткерлер белгілі болды

Пушкаш сыйлығына үміткерлер белгілі болды

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Ференц Пушкаш атындағы cыйлыққа үміткерлер тізімін жариялады. Ендеше 2013 жылдың ең үздік, ең әдемі соғылған голын бірге анықтайық!

Тізімге 10 үздік әдемі гол еніп отыр.

1. Петер Анкерсен – 10 тамыз 2013, Эсбьерг – Орхус кездесуінде


2. Лиза де Ванья – 1 маусым 2013, Скай Блю – Бостон Брейкерс кездесуінде


3. Антонио Ди Натале – 7 сәуір 2013, Удинезе – Кьево кездесуінде


4. Златан Ибрагимович – 13 қараша 2012, Швеция – Англия кездесуінде


5. Панайотис Коне – 16 желтоқсан 2012, Наполи – Болонья кездесуінде

 

6. Даниэль Людуэна – 27 шілде 2013, Пачука – Тигрес кездесуінде


7. Неманья Матич – 13 қаңтар 2013, Бенфика – Порту кездесуінде


8. Луиза Несиб – 17 наурыз 2013, Лион – Сент-Этьен кездесуінде

9. Неймар – 15 маусым 2013, Бразилия – Жапония кездесуінде


10. Хуан Мануэль Оливейра – 28 тамыз 2013, Наутико – Спорт Ресифе кездесуінде


Дауыс берудің алғашқы кезеңі 9 желтоқсанда мәресіне жетеді. Бұл кезең қорытындысы бойынша 2013 жылдың Ференц Пушкаш атындағы ең үздік голына үміткерлер қатары үшеуге дейін қысқарады. Екінші дауыс беру кезеңі 13 қаңтар күні аяқталып, осы күні 2013 жылдың «Алтын доп» иегерін, үздік голдың иегерін және үздік бапкердің есімін білетін боламыз. Сонымен қатар осы секілді басқа да құрметті сыйлықтардың өз иелері белгілі болады.


Естеріңізге сала кететін болсақ, бұл сыйлық 2009 жылдан бері беріліп келеді. Танымал сыйлықтың атауы 1950 жылдары Венгрия ұлттық құрамасының капитаны болған Ференц Пушкаш құрметіне берілген. Сонымен қатар 2010 жылдың ең үздік голы Қазақстан құрамасының қақпасында тулаған болатын. Ал өткен жылы бұл сыйлықты қазіргі «ПАОК» сапында жалда жүрген «Фенербахшенің» словакиялық жартылай қорғаушысы Мирослав Стох иеленген еді.

Ендеше 2013 жылдың ең әдемі, ең үздік голын бірге анықтайық. Үздік деп тапқан голыңызға мына сілтемеден дауыс бере аласыздар.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru

Ө. Сансызбай