«Бавария» бундеслига рекордын жаңартты

О Сансызбай Корреспондент
«Бавария» бундеслига рекордын жаңартты

Мюнхендік «Бавария» жеңіліссіз 37 кездесу өткізіп, бундеслигада жаңа рекорд жаңартты. Бұл кеше ХІІ тур ойындарынан кейін орын алды.

БӨЛІСУ

ХІІ турда Хосеп Гвардиола шәкірттері өз алаңында «Аугсбургты» қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл «Баварияның» бундеслигадағы 37-ші жеңіліссіз кездесуі болып, жаңа рекорд тіркеді. Осыған дейін бұл биікте «Шальке-04» командасы келе жатқан болатын. Гельзенкирхендік команда 1982-1983 жылғы маусымда жеңіліссіз 36 кездесу өткізген екен.

ХІІ тур қорытындысы бойынша, мюнхендік команда 32 ұпай жинап турнир кестесін қолына алды. Ал олардың басты қарсыласы – дортмундтық «Боруссия» сырт алаңда «Вольфсбургтан» жеңіліс тапты.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: toss.kz