Платини келе жатыр

Платини келе жатыр

Футболдан 10 қараша күні өтетін Қазақстан Республикасы Кубогының финалына УЕФА президенті Мишель Платини келеді деп күтілуде. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлап отыр.

«Астана-Арена» стадионында өтетін ақтық сында қарағандылық «Шахтер» мен «Тараз» кездеседі. Финалдың жоғары деңгейде өтуі мен жанкүйерлерге ерекше қуаныш сыйлау мақсатында түрлі іс-шаралар да ұйымдастырылуда. Солардың бірі – алаңдағы үзіліс сәтінде екі жол талғамайтын автокөлік ұтыс ретінде ойнатылмақ. Тағы бір ерекшелік – жеңімпаз атанған командаға Чемпиондар Лигасының финалындағыдай Кубок арнайы трибунадан табысталады. Марапаттау рәсіміне Мишель Платинимен қоса басқа құрметті қонақтар шақырылған.

Естеріңізге сала кететін болсақ, 10 қараша күні өтетін Қазақстан Республикасы Кубогының ақтық сынын «Қазақстан» және «KazSport» арналарынан тамашалай аласыздар. Кездесу Астана уақытымен сағат 16:30-да басталады.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: eurosport.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Өмір атты жүйкенің мәнін жоғалтпау. ER-BATYR жобасында Мақсұт Жұмаев
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Forbes әлемдегі ең табысты актерлердің рейтингін жариялады
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Әйнекті ерітетін жалғыз қышқыл
Қарбызды кімдер жемегені дұрыс
Қарбызды кімдер жемегені дұрыс
Адамды бостандығынан айыру мен бостандығын шектеудің айырмашылығы қандай?
Адамды бостандығынан айыру мен бостандығын шектеудің айырмашылығы қандай?
8 сағат жұмыс, 8 сағат ұйқы және 8 сағат демалыс: адамзат бұл жеңіске қалай жетті?
8 сағат жұмыс, 8 сағат ұйқы және 8 сағат демалыс: адамзат бұл жеңіске қалай жетті?