Еуропа Лигасы. "АЗ Алкмаар" 1 - 0 "Шахтер"

Еуропа Лигасы. "АЗ Алкмаар" 1 - 0 "Шахтер"

Еуропа Лигасының «L» тобында өнер көрсетіп келе жатқан қарағандылық «Шахтер» сырт алаңда «АЗ Алкмаардан» бір доп айырмасымен жеңіліс тапты.

Алғашқы қауіпті соққыны алаң иелері бағыттады. Алайда Қазақстан жастар құрамасының қақпашысы Стас Покатилов қырағылық таныта білді. 12 минутта Йоханссонның добын қақпашымыз қақпаға тағы да дарытпады. Виктор Кумыков шәкірттері қорғаныста сыр бермей, шабуылды да бір сәт естен шығармады. 29 минутта Никола Василевичтің баспен бағыттаған добы сәл ғана қиыс кетті. «Шахтердың» алаң иелеріне жасаған қысымы алаңның кез келген тұсында өз жемісін берумен ерекшеленді. Ең бастысы – алғашқы таймда «кеншілер» ұжымы жүйелі ойынымен көзге түсті. Геворг Казарян пен Стас Покатилов шеберлігін барынша танытуға тырысты.


Екінші таймда «Шахтердың» аздаған босаңдығын пайдалана білген «АЗ Алкмаар» есеп ашты. Сельсо Ортистің  асқан шеберлікпен бағыттаған добына Стас Покатилов дайын болмай шықты. 71 минутта Игорь Зеньковичтің орнына кірген Роман Мұртазаев Геворг Казарянға пас асыруға асықпай, есеп теңестіруге берілген тамаша мүмкіндікті пайдалана алмады. 84 минутта Мақсат Байжановтың тепкен добы «АЗ» қақпашысына тиіп, алаң жиегіне шығып кетті. Бұл жерлестеріміздің кездесудегі алғашқы қауіпті соққысы болды. Соңғы минутта Роман Мұртазаевтың есеп теңестіруге сәл ғана шеберлігі жетіспеді. Осылайша ойын тағдырын жалғыз гол шешіп кетті. Дегенмен жартылай қосалқы құрам саналған қарағандылық команда жоғары деңгейде өнер көрсете білді. Келесі кездесуін "Шахтер" 28 қараша күні Астанада "ПАОК"-пен командасына қарсы өткізеді.

"L" тобында "Шахтермен" бірге өнер көрсететін "Маккаби Хайфа" мен "ПАОК" 0:0 есебімен тең тарқасты.

   "L" тобы Ойын  Жеңіс  Тең  Жеңіліс  Голдар  Ұпай 
1.   ПАОК 4 2 2 0 6:4 8
2.   Алкмаар 4 2 2 0 4:2 8
3.   Маккаби Хф       4 0 2 2 4:6 2
4.   Шахтер Кр 4 0 2 2 4:6 2

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz, vesti.kz

Ө. Сансызбай