"Реал" стадионының аты өзгертіледі

Қарлыға Бүйенбай Корреспондент
"Реал" стадионының аты өзгертіледі

Microsoft корпорациясы мадридтік Реал командасының стадионы Сантьяго Бернабеудің атын өзгерту құқығын иеленуге келіссөздер жүргізуде. Ал біз осыған дейін аталған стадионның қайта құрылымдап жасалатынын хабарлаған болатынбыз.

БӨЛІСУ

Қазан айында «корольдік клубтың» президенті Флорентино Перес Сантьяго Бернабеудің 2016 жылға дейін толық құрылымдалып, күрделі жөндеуден өткен соң аты өзгертілетінін мәлімдеген еді. Енді Microsoft корпорациясы келіссөздер жүргізу арқылы стадионның құрылыс жұмысына қаржылай демеушілік көрсететінін жеткізіп, жаңа ат қоюды еншілемек. Осыған дейін Реал мен Microsoft Кариб бассейндері мен Оңтүстік Америкадағы бірнеше жобаны бірлесе іске асыруды жоспарлаған да еді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, стадион 1947 жылы салынып, кейіннен 1955 жылы сол кездегі Реал президенті Сантьяго Бернабеудің есімін алған болатын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com