2013 жылы қанға боялған рингтер (+14)

2013 жылы қанға боялған рингтер (+14)

Құрметті бокс жанкүйерлері! Назарларыңызға биылғы жылы кәсіпқой бокс шаршы алаңында спортшылардың алған ең ауыр жарақаттарын ұсынамыз.

Жақында қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Кертис Стивенс арасында өткен жекпе-жекке дейін рингке көтерілген ресейлік Магомед Абдусаламов кубалық Майк Перестен жеңіліс тапқан болатын. Осы кездесуден соң алған ауыр жарақаттары салдарынан Магомед жасанды комаға жатқызылған. Әзірше боксшының қазіргі жағдайы белгісіз күйде қалып отыр.   

Кездесуге дейін

9

Кездесу барысында 

7

Ал жақында Мексикада кәсіпқой бокс үшін қайғылы оқиға орын алды. Жеңіл салмақта өнер көрсететін Франсиско Леаль жекпе-жек аяқталғаннан кейін ауруханаға жетпей, жан тапсырған. 26 жасар боксшының өліміне оның қарсыласы тарапынан миына келтірген ауыр жарақаты себеп болған екен.  

19 қазан күні өткен кездесуде ол басқа бір мексикандық Рауль Иралеспен жұдырық түйістірген болатын. Нәтижесінде Леаль сегізінші раундта ауыр нокаутқа түсіп, сол жерде есінен танып құлаған.

Франсиско Леаль (сол жақта)

1

Ал өткен жылы Леаль ресейлік Евгений Градовичпен кездесіп, 10 раундта техникалық нокаутпен жеңілген еді. Алайда сол кезде ол рингті өз күшімен тастап кете алды. Одан кейін де мексикандық бес рет шаршы алаңға көтеріліп, оның үшеуін жеңіспен аяқтаса, екі рет жеңілген екен.   

Енді рингтен ауыр жарақат алып оралған боксшыларға тоқталайық.

Денис Лебедевесей) 

Қарсыласы: Гильермо Джонс (Панама)

Қалай болды?

Жекпе-жектің бел ортасында Лебедевтің оң жақ көзінде қанды ісік (гематома) пайда болды. Бірақ боксшы кездесуді тоқтатпай, жалғастыра берді. Ал қарсыласы болса, соққы үстіне соққы жұмсап, нәтижесінде Лебедевтің көзі мүлдем көрмей қалды. Осы тұста ол техникалық нокаутқа ұшырап, Джонс жаңа чемпиондық атаққа ие болды.   

Ақыры немен аяқталды?

Арада бес ай өткеннен кейін сөз алған Лебедев былайша үн қатты: «Бокс - рингке сап-сау кіріп, кездесуден кейін ол жерден табытпен шығуың мүмкін спорт түрі. Менің көзім әлі күнге дейін ауырып, өзімді қоярға жер таппаймын».

Десек те боксшы текке таяқ жемеген болып шықты. Жақында антидопингтік агенттік панамалық боксшының қанынан тыйым салынған дәрінің ізін тауып, осылайша бүкіләлемдік бокс қауымдастығы Лебедевке алтын белбеуін қайтарып берді.  

Кездесуге дейін 

1

Кездесу барысында

1

Кездесуден кейін

1

Хоан ГузманҚШ)

Қарсыласы: Хабиб Аллахвердиев (Ресей)

Қалай болды?

Гузман кездесудің алдында суретке түскен еді. Дегенмен рингте қарсыласы тарапынан таяқ жеген боксшының қол және аяқ сүйектері тегістей сынып қалған.

Ақыры немен аяқталды?

Гузманның гипстелген аяқ-қолы түсірілген фотосы алғашқысымен салыстыруға әрине келмес.

Кездесуге дейін

1

Кездесуден кейін

1

Тимоти Брэдли (АҚШ)

Қарсыласы: Руслан Проводников (Ресей)

Қалай болды?

Бұл қос боксшы арасындағы текетірес 2013 жылдың үздік кездесулерінің бірі деп бағаланды.  

Бұл жекпе-жекте Брэдли қорғанысты ұмытып, ресейлік боксшыға қарсы ашық айқасқа шықты. Десек те раунд аяқталысымен жеңімпаз деп Тимоти Брэдли танылды. Алайда осы жекпе-жектен кейін кездесуге төрелік еткен қазы көптеген жанкүйерлер тарапынан үлкен сынға ұшырады. Себебі көпшіліктің пікірінше Проводников жеңімпаз деп танылуы тиіс болатын.    

Ақыры немен аяқталды?

Дегенмен де боксшы оңайлықпен жеңімпаз атанған жоқ. Алған соққыларының ауыр болғаны соншалық, ол журналистерге қарап: «Не туралы сұрап едіңіз?» деумен болды. Арада бірнеше апта өткеннен соң, боксшы дәрігерлермен кеңес өткізгенін, қорытындысында оның миы шайқалып, ол аздай амнезия белгілерінің пайда болғанын мойындауға мәжбүр болған.  

Кездесуге дейін

1

Кездесу барысында (осындай соққылардың бірінде миынан ауыр жарақат алды)

1

Сондай-ақ Головкин мен Росадо арасындағы кездесуде де ринг қанға әбден боялды. Росадоны бұл "тозақтан" тек оның бапкерлері ғана құтқарып қалды.

Кездесуге дейін

1

Кездесу барысында 

6

1

8

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: allboxing.ru

Б. Қосмағамбет