Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / 2013 жылы қанға боялған рингтер (+14)

2013 жылы қанға боялған рингтер (+14)

2013 жылы қанға боялған рингтер (+14)

Құрметті бокс жанкүйерлері! Назарларыңызға биылғы жылы кәсіпқой бокс шаршы алаңында спортшылардың алған ең ауыр жарақаттарын ұсынамыз.

Жақында қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Кертис Стивенс арасында өткен жекпе-жекке дейін рингке көтерілген ресейлік Магомед Абдусаламов кубалық Майк Перестен жеңіліс тапқан болатын. Осы кездесуден соң алған ауыр жарақаттары салдарынан Магомед жасанды комаға жатқызылған. Әзірше боксшының қазіргі жағдайы белгісіз күйде қалып отыр.   

Кездесуге дейін

9

Кездесу барысында 

7

Ал жақында Мексикада кәсіпқой бокс үшін қайғылы оқиға орын алды. Жеңіл салмақта өнер көрсететін Франсиско Леаль жекпе-жек аяқталғаннан кейін ауруханаға жетпей, жан тапсырған. 26 жасар боксшының өліміне оның қарсыласы тарапынан миына келтірген ауыр жарақаты себеп болған екен.  

19 қазан күні өткен кездесуде ол басқа бір мексикандық Рауль Иралеспен жұдырық түйістірген болатын. Нәтижесінде Леаль сегізінші раундта ауыр нокаутқа түсіп, сол жерде есінен танып құлаған.

Франсиско Леаль (сол жақта)

1

Ал өткен жылы Леаль ресейлік Евгений Градовичпен кездесіп, 10 раундта техникалық нокаутпен жеңілген еді. Алайда сол кезде ол рингті өз күшімен тастап кете алды. Одан кейін де мексикандық бес рет шаршы алаңға көтеріліп, оның үшеуін жеңіспен аяқтаса, екі рет жеңілген екен.   

Енді рингтен ауыр жарақат алып оралған боксшыларға тоқталайық.

Денис Лебедевесей) 

Қарсыласы: Гильермо Джонс (Панама)

Қалай болды?

Жекпе-жектің бел ортасында Лебедевтің оң жақ көзінде қанды ісік (гематома) пайда болды. Бірақ боксшы кездесуді тоқтатпай, жалғастыра берді. Ал қарсыласы болса, соққы үстіне соққы жұмсап, нәтижесінде Лебедевтің көзі мүлдем көрмей қалды. Осы тұста ол техникалық нокаутқа ұшырап, Джонс жаңа чемпиондық атаққа ие болды.   

Ақыры немен аяқталды?

Арада бес ай өткеннен кейін сөз алған Лебедев былайша үн қатты: «Бокс - рингке сап-сау кіріп, кездесуден кейін ол жерден табытпен шығуың мүмкін спорт түрі. Менің көзім әлі күнге дейін ауырып, өзімді қоярға жер таппаймын».

Десек те боксшы текке таяқ жемеген болып шықты. Жақында антидопингтік агенттік панамалық боксшының қанынан тыйым салынған дәрінің ізін тауып, осылайша бүкіләлемдік бокс қауымдастығы Лебедевке алтын белбеуін қайтарып берді.  

Кездесуге дейін 

1

Кездесу барысында

1

Кездесуден кейін

1

Хоан ГузманҚШ)

Қарсыласы: Хабиб Аллахвердиев (Ресей)

Қалай болды?

Гузман кездесудің алдында суретке түскен еді. Дегенмен рингте қарсыласы тарапынан таяқ жеген боксшының қол және аяқ сүйектері тегістей сынып қалған.

Ақыры немен аяқталды?

Гузманның гипстелген аяқ-қолы түсірілген фотосы алғашқысымен салыстыруға әрине келмес.

Кездесуге дейін

1

Кездесуден кейін

1

Тимоти Брэдли (АҚШ)

Қарсыласы: Руслан Проводников (Ресей)

Қалай болды?

Бұл қос боксшы арасындағы текетірес 2013 жылдың үздік кездесулерінің бірі деп бағаланды.  

Бұл жекпе-жекте Брэдли қорғанысты ұмытып, ресейлік боксшыға қарсы ашық айқасқа шықты. Десек те раунд аяқталысымен жеңімпаз деп Тимоти Брэдли танылды. Алайда осы жекпе-жектен кейін кездесуге төрелік еткен қазы көптеген жанкүйерлер тарапынан үлкен сынға ұшырады. Себебі көпшіліктің пікірінше Проводников жеңімпаз деп танылуы тиіс болатын.    

Ақыры немен аяқталды?

Дегенмен де боксшы оңайлықпен жеңімпаз атанған жоқ. Алған соққыларының ауыр болғаны соншалық, ол журналистерге қарап: «Не туралы сұрап едіңіз?» деумен болды. Арада бірнеше апта өткеннен соң, боксшы дәрігерлермен кеңес өткізгенін, қорытындысында оның миы шайқалып, ол аздай амнезия белгілерінің пайда болғанын мойындауға мәжбүр болған.  

Кездесуге дейін

1

Кездесу барысында (осындай соққылардың бірінде миынан ауыр жарақат алды)

1

Сондай-ақ Головкин мен Росадо арасындағы кездесуде де ринг қанға әбден боялды. Росадоны бұл "тозақтан" тек оның бапкерлері ғана құтқарып қалды.

Кездесуге дейін

1

Кездесу барысында 

6

1

8

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: allboxing.ru

3104 11
Рейтинг: +4

Қосылған күні: 08 қараша 2013, 13:00
Пікірлер
+0
08 қараша 2013, 14:23

Бокс - қан мен тер алаңы!

+0
08 қараша 2013, 14:23

Ауыр, өте ауыр

+0
08 қараша 2013, 14:26

Генаның соңғы жекпе жегінде бетінен бір тамшы қан пайда болмады, есесіне оны "жерлеп" тастаған қарсыласы қанға боялды, олардың алдында рингке шыққан екі боксшының да бетінен бет қалған жоқ болатын. Жалпы анау Гузман сияқты жанкештілікке бару дұрыс емес сияқты

+0
08 қараша 2013, 15:14

Генаға енді "серьезный" қарсылас қажет ақ

+0
08 қараша 2013, 15:31

бекер аштым мынау мақаланы(((

+0
08 қараша 2013, 16:14

Жасыңыз +14 болса көруге болады :)

+0
08 қараша 2013, 15:52

туууу, жүрегім ай, не деген сұмдық, қыз боп туылғаныма тәубә

+0
08 қараша 2013, 17:59

өліспей беріспеу керек :geek:

+0
08 қараша 2013, 19:09

Франсиско Леальға обал болыпты

+0
10 қараша 2013, 13:55

Ми ми болмай қалатын шығар мынадан кейін... :(

+0
11 қараша 2013, 15:50

мә саған Бокс недеген? жаман спорт :( :( :(

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...