Қазақстан құрамасының келесі кездесуі көктемде өтеді

Қазақстан құрамасының келесі кездесуі көктемде өтеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2014 жылдың наурыз айында кездесу өткізетін болды. 

Қазіргі таңда чех маманы Мирослав Беранекпен келісім-шарты аяқталған Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін кім ұстайтыны жұмбақ болып отыр. 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы кездесулерде құрама футболшылары 5 ұпай ғана жинады. "С" тобында Фарер аралдарын артқа тастап, v орынды қанағат тұтты.

Өткен айдағы ФИФА рейтингі бойынша 135 орында тұр. Наурыз айында өтетін кездесу әзірге қандай ұлттық құрамамен болары белгісіз.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Ө. Сансызбай