Головкин техникалық нокаутпен жеңіске жетті (видео)

Головкин техникалық нокаутпен жеңіске жетті (видео)

WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий (GGG) Головкин американдық Кертис Стивенсті кездесудің 8 раундында техникалық нокаутқа жіберіп, өз атағын кезекті рет сәтті қорғап шықты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.      

Кездесу басталысымен қос боксшы да шабуылға лап қойды. Алайда Головкин ашық айқасқа шыққысы келіп, қарсыласына бірнеше соққылардың сериясын жаудырғанымен, Стивенстің қорғанысы сыр білдірмеді. Тек екінші раундта ғана Генаның сол қолымен жасаған соққысы қарсыласына дөп тиіп, нәтижесінде Стивенс ринг төріне бір аунап түсті. Тұра салысымен тағы да Генаның шабуылына тап болған Стивенсті тек гонг дауысы ғана құтқарып қалды.

Раунд арасындағы демалыста біраз тынығып алған американдық алдағы бірнеше раундта қорғана жүріп, шабуылдау тактикасына мықтап көшті. Ал Головкин болса біраз уақытын қарсыласының ашылу сәтін күтіп жүріп өткізді. Тек сегізінші раунд аяқталар тұста ғана Стивенстің қорғанысы сытынап, бас төреші демалыс кезінде кездесуді тоқтатуға шешім шығарды.

Осылайша Геннадий Головкин өзі өткізген 28 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, оның 25-ін уақытынан бұрын аяқтап отыр.

Ал кештің басты кездесуіне дейін рингке көтерілген ресейлік Магомед Абдусаламов болса кубалық Майк Переске ұпай санымен жол беріп (97:92, 95:94, 97:92), өз мансабы жолында тұңғыш рет жеңіліске ұшырады.  

Одан бөлек, британдық Ола Афолаби (20-3-4, 9 KO) мен поляк Лукаш Яник арасындағы кездесуде 114-114, 117-111 және 115-113 есебімен британдық боксшы жеңіске жетіп, аса ауыр салмақтағы IBO тұжырымының вакантты белбеуіне ие болды.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sportinfo.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар коронавирустың басты "қулығын" атады
Ғалымдар коронавирустың басты "қулығын" атады
Актер Том Круз кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін ғарышқа ұшады
Актер Том Круз кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін ғарышқа ұшады
"Қазақтың Қадыры" атты облыстық жыр мүшәйрасы мәреге жетті
"Қазақтың Қадыры" атты облыстық жыр мүшәйрасы мәреге жетті
Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды
NASA Айға алғаш болып әйел ғарышкерді ұшырады
NASA Айға алғаш болып әйел ғарышкерді ұшырады
Нобель сыйлығына берілетін қаржы мөлшері өсті
Нобель сыйлығына берілетін қаржы мөлшері өсті