2013 жылы Роналду Мессиден көп гол соққан

2013 жылы Роналду Мессиден көп гол соққан

Мадридтік «Реалдың» португалдық ойыншысы Криштиану Роналду өз жанкүйерлерін нәтижелілігімен қуанту үстінде, деп жазуда AS

2013 жылы Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы 50 ойында 56 гол соғу арқылы каталондық «Барселонаның» аргентиналық сұрмергені Лионель Мессиді басып озып отыр. Дей тұра, осы тұста каталондық ойыншының жарақатына байланысты кейбәр ойынға қатыспағанын айта кеткіміз келеді (44 ойын, 43 гол).

Естеріңізге сала отырсақ, таяуда португалдық футболшы «Реал» тарихындағы үздік 5 сұрмергеннің қатарына енген болатын. Испания Ла-Лигасының 11 тур ойындарынан кейін Роналду «корольдік клуб» сапындағы 158 голын соғып, әйгілі сұрмерген Ференц Пушкаштан (156 гол) басып озған еді. 

«Реал» тарихындағы үздік сұрмергендер:

1. Рауль – 228 гол

2. Ди Стефано – 216 гол

3. Сантильяна – 186 гол

4. Уго Санчес – 164 гол

5. Криштиану Роналду – 158 гол

6. Ференц Пушкаш – 156 гол

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

сурет: futbol.as.com

Л. Лига