Бекхэм үлкен ұлының «МЮ»-де ойнағанын қалайды

Бекхэм үлкен ұлының «МЮ»-де ойнағанын қалайды

Кеше әйгілі футболшы Дэвид Бекхэм ұлы Бруклинді «Манчестер Юнайтед» командасының оқу-жаттығу базасындағы клуб тексерісі мен қарауына алып келді. Ол үлкен ұлын өзі жұлдызы жанған «қызыл сойқандар» сапында ойнағанын қалайтынын жеткізді. Енді осы жылы спорттық мансабын аяқтаған футболшының ұлы Каррингтондағы «Манчестер Юнайтед» жастар спорт базасында жаттығатын болады.

«Оны әкесі Англиядағы бір спорт Академиясынан алып келді. Бұл 14 жастағы Бруклиннің өзін көрсетуіне арналған үлкен мүмкіндік. Даңқты футболшының ұлы әке сенімін ақтайды деген үміттеміз» - деп жазады Manchester Evening News басылымы.

Естеріңізге сала кететін болсақ, осыған дейін Бруклин «ақсүйектер» оқу-жаттығу базасының қарауында да болып қайтқан болатын. Ал Бекхэмның екінші ұлы 10 жасар Ромео осыған дейін лондондық «Арсеналмен» келісім-шартқа отырған еді.

Бруклин "МЮ" жейдесінде "Олд Траффорд" алаңына 2000 жылы келген

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: manutd.ru

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Баланың когнитив функцияларын дамыту туралы. i-balaqai жобасында − Елена Венгерская
Баланың когнитив функцияларын дамыту туралы. i-balaqai жобасында − Елена Венгерская
Созылмалы обструкциялы өкпе ауруы
Созылмалы обструкциялы өкпе ауруы
Тыныштықбек Әбдікәкімұлының карантин туралы өлеңдері
Тыныштықбек Әбдікәкімұлының карантин туралы өлеңдері
Мэрилин Монроның бет орамалы театрды сақтап қалды
Мэрилин Монроның бет орамалы театрды сақтап қалды
Chevrolet Tracker – қала динамикасы
Chevrolet Tracker – қала динамикасы
Тоқаев үндеуінің толық мәтіні
Тоқаев үндеуінің толық мәтіні