«Қайрат» қоланы қанжығасына байлады

«Қайрат» қоланы қанжығасына байлады

Алматының «Қайрат» командасы Қазақстан премьер-лигасының қола жүлдесіне қол жеткізді. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлап отыр.

Бүгін өткен Қазақстан футбол федерациясының кезекті отырысындағы шешімнен кейін «Ертіс», «Қайсар» және «Сұңқар» футбол командаларынан 3 ұпайдан алынып тасталды. ҚФФ командалар футболшылардың алдындағы қарызын төлемегендіктен осындай қадамға барып отыр. Осы шешімнен кейін «Қайрат» командасы соңғы турдағы ойын нәтижесіне қарамастан, Қазақстан премьер-лигасының қола жүлдегері атанды. Алматылық команда қоржынында 30 ұпай бар. Енді Владимир Вайсс командасы келер жылы Еуропа Лигасында ел намысын қорғайтын болады.

Естеріңізге сала кететін болсақ, 2 қарашада мәресіне жететін ел премьер-лигасының соңғы турында «Ертіс» пен «Қайрат» қола жүлдені сарапқа салатын болған-ды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vesti.kz

Ө. Сансызбай