Роналду Пушкашты басып озды

Роналду Пушкашты басып озды

Португалдық футболшы Криштиану Роналду «Реал» тарихындағы үздік 5 сұрмергеннің қатарына енді. Испания Ла-Лигасының 11 тур ойындарынан кейін Роналду «корольдік клуб» сапындағы 158 голын соғып, әйгілі сұрмерген Ференц Пушкаштан (156 гол) басып озды. Бұл кездесуде жартылай қорғаушы хет-трик авторы атанды. Ал «Реал» «Севильядан» 7:3 есебімен басым түсті.

«Реал» тарихындағы үздік сұрмергендер:

1. Рауль – 228 гол

2. Ди Стефано – 216 гол

3. Сантильяна – 186 гол

4. Уго Санчес – 164 гол

5. Криштиану Роналду – 158 гол

6. Ференц Пушкаш – 156 гол

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport.mail.ru




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Құсбегілер бәсі
Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN