"Реал" жанкүйерлері Месуттің қайта оралуын талап етуде

"Реал" жанкүйерлері Месуттің қайта оралуын талап етуде

Мадридтік "Реалдың" жанкүйерлері Германия мен лондондық "Арсеналдың" жартылай қорғаушысы Месут Озилдің "корольдік клубтың" сапына қайта оралуын талап етуде, деп жазады 101greatgoals.com.

Ендігі таңда "корольдік клубтың" 5 мыңға жуық жанкүйері 24 жастағы неміс ойыншысының қайта оралуын өтініп отыр.

Естеріңізге сала отырсақ, ертеректе Месут өзінің жеке сайтын ашқан еді.

"Қымбатты жанкүйерлер, менің www.mesutoezil.com жаңа сайтым ашылды. Сіздерге ұнар деген үміттемін. "Менің музыкам" бөлімінен сүйікті әндерімді таба аласыздар. Ол әндер мені қалай тербетсе, сіздерді де солай тебірентер деген ойдамын", - деп түрік жігіті Facebook-тегі жеке парақшасына мәлімдеме қалдырған болатын.  

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: 101greatgoals.com

Л. Лига