Йозеф Блаттер: "Нәсілшілдік пен ұлтына байланысты кемсітушілік – қазіргі футболдың қас жауы"

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Йозеф Блаттер: "Нәсілшілдік пен ұлтына байланысты кемсітушілік – қазіргі футболдың қас жауы"

ФИФА президенті Йозеф Блаттер соңғы кезде футболда жиі қайталанып жүрген нәсілшілдік проблемасымен күресуде ең қатал жазаларды қолдану керек деп отыр.

БӨЛІСУ

«Бізге осындай командаларды жарыс жолынан шығарып немесе оларды ұпайдан айыру керек. Тек осындай жазаларды қолдану арқылы біз нәсілшілдік пен кемсітушілікке қарсы шындап күрес жүргізе аламыз. Егер осындай жаза қолданбасақ, ондай проблемалар көбейген үстіне көбейе бермек. Бұл бассыздыққа дереу ауыздық салуымыз керек. Нәсілшілдік пен ұлтына байланысты кемсітушілік – қазіргі футболдың қас жауы болып отыр. Оны тек ең қатал жазалармен ғана жеңе аламыз»,– дейді Блаттер.

Айта кетейік, осы күндері УЕФА ресейлік ЦСКА клубына қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған себеп чемпиондар Лигасы 3 тур ойындары аясында «әскерилер» өз алаңында ағылшынның «Манчестер Сити» (1:2) командасын қабылдаған еді. Осы ойын аяқталғаннан кейін, қонақ команданың қатарындағы африкалық футболшы Яя Туре трибунадағы жергілікті жанкүйерлер тарапынан нәсілшілдік мәндегі бірнеше сөз естігендігін айтып, шағымданған болатын.    

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sportdialog.ru